Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазіргі уақытта Түркияда 2500 қазақстандық елге рейс күтіп тұр - ҚР ИДМ

16 Шілде 2016, 11:54
0

Қазіргі уақытта Түркияда 2500 қазақстандық елге рейс күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ вице-министрі Берік Қамалиевке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Қазақстаннан Түркияға ұшатын рейстер кешкі сағат 19.00-ге дейін тоқтады. Қазіргі уақытта тоғыз әуе компаниясының 13 рейсі тоқтады. Қазақстаннан ұшып кеткелі тұрғандардың саны - 2300 адам.

"Біз Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Орал әуежайларында 13 рейсті тоқтату туралы шешім жасадық. Жолаушылардың саны шамамен 2300 адам. 9 әуе компаниясы - "Эйр Астана" мен "Скат" және 4 түрік әуе компаниясы. СІМ-мен кеңесіп жатырмыз, әзірше 19.00-ге дейін кешіктірдік. 16.00-де қосымша мәлімет береміз", - деді Қамалиев.

Оның айтуынша, Түркияда қазіргі уақытта 2500-ге жуық қазақстандық бар. Олар бүгін-ертең елге оралуы тиіс. "Егер әуежайлар қалыпты жұмыс істесе, жолаушылар өз рейстерімен елімізге оралады", - деді вице-министр.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай