Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

KazSat-3 Байқоңырға жеткізілді 08 сәуір 2014, 14:49

"Руслан" ұшағы KazSat-3 ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото kapital.kz сайтынан Фото kapital.kz сайтынан

Ан-124-100 "Руслан" ұшағы KazSat-3 ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізді. Онымен бірге Луч-5В аппараты да келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ғарыш апараттары үлкен контейнермен жеткізілді. Оның ұзындығы 14 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Биіктігі - 4 метр. Жүктің жалпы салмағы - 21 тонна. Контейнерді арнайы эстакадаға қойып, жүк қоймасына кіргізді. Жер серіктерімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына қосымша қондырғылар жеткізілді.

Айта кетейік, KazSat-3 ғарыш аппараты телекомумникациялық жер серігі болып саналады. Оның арқасында Қазақстан аумағында байланыстың сан алуан түрін ұсынылады. Екі аппаратты сәуірдің 28-і күні Протон-М зымыран тасығышы орбитаға шығармақ.


Join Telegram