Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Қазтеміртранс" АҚ бұрынғы атқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды

24 Маусым 2015, 18:09
0
Әлмусин Дүйсембай. © ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Әлмусин Дүйсембай. © ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

"Қазтеміртранс" АҚ бұрынғы атқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҚК 311-бабы, 5-бөлігінде қарастырылған ("Пара алу") аса ауыр қылмысты жасағаны үшін Әлмусин Дүйсембай Тоқымұлына іздеу жариялайды: 04.08.1961 жылғы, Қарағанды тумасы, ұлты - қазақ, бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі - орташа, шашы - қара түсті, көзінің түсі - қара", - делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне Әлмусин Дүйсембайдың "Қазтеміртранс" АҚ атқарушы директоры қызметінде жүріп жанар-жағармай жеткізетіндерден 100 мың доллар көлемінде пара алғанын айтты. Ол 2014 жылдан бері іздеуде жүр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз хабарламасында: "Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 87019102070, 87017975647, 8 (7172) 756536, 756535, 756522, 756632 номерлеріне хабарласуларын сұраймыз. Сыйақы тағайындалған. Хабар берген адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік береміз", - делінген.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай