16 тамыз 2017 11:03

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тұтынушыларға 268 миллион теңгені қайтаратын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚ логотипі АҚ логотипі

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тұтынушыларға заңсыз есептеулер үшін ақшаны қайтаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тұтынушыларға заңсыз есептеулер үшін ақшаны қайтаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Монополияға қарсы орган "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша бұзушылық - өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі анықталды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, хабарламада "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тауарлық газды тұтынушыларға түзету коэффициенттерін негізсіз есептеген.

Бұдан басқа компания тұтынушыларымен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объектив түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi шарттарды қолданған.

Осыған орай, Монополияға қарсы орган әкімшілік іс қозғады және газ компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (КК) нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама (бұдан әрі - нұсқама) шығарған.

"5 айға созылған сот талқылауларының қорытындысы бойынша Астана қаласы соттарының қаулыларымен Қоғам осы фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ нұсқама күшінде қалдырылды. Қоғамға, атап айтқанда газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға түзету коэффициенттерін есептеу практикасын тоқтату, сондай-ақ мұндай есептеуден 2012 жылғы шілдеден бастап алынған ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыру нұсқама етілді", - делінген хабарламада.

Қоғамға салынған айыппұл сомасы шамамен - 13,4 миллион теңге, ол бүгінде бюджетке толықтай төленген.

Қоғамның деректері бойынша 2 миллион тұтынушыға қайтарылуы тиіс сома шамамен 268 миллион теңге. Нұсқамаға сәйкес "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ақшалай қаражатты 2017 жылғы 18 желтоқсанға дейін қайтаруы тиіс.

"Бұдан басқа, таяу уақытта газға ақы төлеуге заңсыз есептелген ақшалай қаражатты қайтару тәртібін түсіндіру мақсатында барлық өңірлерде баспасөз конференциялары өткізілетінін тұтынушылардың назарына жеткіземіз", - дейді ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети