"Казцинк" өкілдері Қарағанды облысында жұмысшылармен болған дауға қатысты пікір білдірді

14 Тамыз, 17:17
0
"Казцинк" өкілдері Қарағанды облысында жұмысшылармен болған дауға қатысты пікір білдірді - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

"Казцинк" компаниясының өкілдері Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар мен шетелдіктер арасында болған дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинаты жұмысшылары мен ауыл тұрғындары арасында жанжал шыққанын растаймыз. Нәтижесінде 10-ға жуық адам жарақат алды, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Комбинат басшылығы мен ұжымдағылар осы жағдайға өкініш білдіреді. Қазіргі уақытта жергілікті билік өкілдері тергеу жұмыстарын бастады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Компанияның атқарушы директоры Әбілхан Әкімовтің айтуынша, Жәйремдегі жағдайдан соң арнайы комиссия құрылады. Комиссия мүшелерді жанжалдың мән-жайын анықтайды.

Жәйрем кен-байыту комбинаты кәсіподағының төрағасы Муварак Карибаевтың айтуынша, олардың арасында түсініспеушілік болған.

"Расында не болғанын уәкілетті тергеу органдары анықтайды. Мен еңбек ұжымының төрағасы ретінде бұл жағдайға өкініш білдіремін", - деді Муварак Карибаев.

Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шыққаны жайлы хабарланған еді. Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай