Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Кеден одағы Е912 қоспасына тыйым салуы мүмкін

25 Қыркүйек 2014, 14:41
0
©cook-room.com
©cook-room.com

Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Кеден одағы жеміс-жидекті жалтыр, дәмді әрі ұзаққа шыдамды ететін Е912 тағам қоспасынан бас тартуы мүмкін, - деп жазады "Российская газета".

Ресей мемлекеттік органдары ақпараттарының бірыңғай порталында жарияланған заң жобасында осындай норма бар. Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл шартты түрдегі бастама, себебі ресейлік өндірушілер бұл қоспаны бұрыннан қолданбайды.

Басылымның хабарлауынша, бұл тағам қоспасы жеміс-жидекті өңдеуге қолданылады, соның әсерінен оларға жәндіктер тимейді. Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес, E912-ні цитрус жемістеріне, қауынға, манго, папайя, авокадо, ананас, алма сияқты жемістерге қолдануға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кеден одағының ет өнімдеріне бірыңғай талап енгізетіні хабарланған болатын. Бұл талап бойынша мал арнайы бөлінген орындарда ғана сойылуы тиіс, ол жерлерде ет және ет өнімдерін өндіру нысандарын пайдалану жөніндегі гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар сақталуы керек.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай