Кексельдің ісінде қылмыс жоқ - Ерлан Тұрғымбаев

14 Желтоқсан 2019, 09:16
0
Кексельдің ісінде қылмыс жоқ - Ерлан Тұрғымбаев - Олеся Кексель
Олеся Кексель

Кексельдің ісінде қылмыс жоқ. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельді тергеуге алған Ішкі істер министрлігі осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, экс-премьер Серік Ахметов, Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы болған марқұм Лариса Пак және Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев секілді шенеуніктер Кексельдің тергеуінен өткен.

Қараша айында Ішкі істер министрлігі оны тергеуге алды. Себебі, Бас прокуратураға Кексельдің тергеуінде болғандардың біреуі рұқсат етілмеген, яғни азаптау тәсілін қолданды деп шағымданған болатын.

"Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары "қылмыс құрамы жоқ" деген себеппен тоқтатылды. Қазір барлық тергеу шарасы аяқталды. Іс материалдары заңдылығын тексеруге желтоқсанның 5-і күні Бас прокуратураға жолданды", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай