Келімбетов өз міндетін абыроймен атқара білді - Сенаттың вице-спикері

02 Қараша 2015, 13:31
0
Келімбетов өз міндетін абыроймен атқара білді - Сенаттың вице-спикері - Қайрат Келімбетов. © Тұрар Қазанғапов
Қайрат Келімбетов. © Тұрар Қазанғапов

Сенаттың вице-спикері Асқар Бейсенбаев Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовті өз тапсырмаларын орындап шықты деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі үзілісте тілшілердің сұрағына жауап беруі кезінде айтты.

"Білесіздер ме, әрбір кезеңнің өз талаптары болады. Келімбетов Ұлттық банктің басшылығына келген кезеңінде, меніңше, ол тапсырмасын орындап шықты. Ол - өз ісінің білгірі, экономиканы жақсы біледі, ол біздің еліміздің экономика саласында көптеген қызметте болған", - деді Бейсенбаев. 

Сонымен қатар, ол Ұлттық банктің жаңа басшысының тағайындалуына байланысты пікірін айтты. 

"Ақышев мырза Ұлттық банктің жүйесінде көп жылдар бойы жұмыс істеді, барлық сатыдан өтті, кәсібилігі жоғары адам, ол экономика проблемасын терең біледі және оның соңғы уақытта президент әкімшілігінде жұмыс істеуі, әлеуметтік-экономикалық бақылау бөлімін басқаруы, экономиканы басқарғаны, меніңше, оңынан танылған қыры, себебі ол бүгінгінің экономикасын біледі және лайықты түрде атқарады деп үміттенемін", - деді ол.

Айта кетейік, Данияр Ақышевтың өзі БАҚ өкілдерімен әңгімелесуден бас тартты.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатына Данияр Ақышевты Ұлттық банктің төрағасы етіп тағайындауға келісім беру туралы өтініш жасаған болатын. Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында Ұлттық банктің төрағасын тағайындау туралы ұсыныс мақұлданды. Сөйтіп, бүгін, 2 қарашада Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай