30 сәуір 2019 12:08

Кентау қаласында 900 отбасы баспанамен қамтылады - Түркістан облысының әкімдігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТВ Центр © ТВ Центр

Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900 шақты жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900 шақты жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын. Атап айтқанда, Кентау қаласы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің, Алтынсарин көшесіндегі № 9Б және Уәлиханов көшесіндегі № 136А тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі  №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Ал Қонаев көшесіндегі  № 44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі - 15 пәтер, 2 бөлмелі - 15 пәтер,  3 бөлмелі - 30 пәтер бар.

Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталды. Пәтер саны - 600, жалпы ауданы  - 33 470 шаршы метр. Нысандар 2020 жылға өтпелі.

Айта кетейік, Кентау қаласында 2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында әрқайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 120 отбасы баспанамен қамтылған. Ел игілігіне тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 7294 шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети