Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Кейкі батырдың бассүйегі ертең Алматыға жеткізіледі

07 Қазан 2016, 17:43
0

Кейкі батырдың бассүйегі ертең, 8 қазанда Алматыға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай хабарлады.

Оның айтуынша, Кейкі батырдың бассүйегі барлығына бірдей көрсетілмейді. "Бұл музейдің жәдігері емес. Бөлек бөлмеде сақталатын болады", - деді Әлімбай. Оның айтуынша, қазір зерттеулерді жүргізу үшін венгр мамандарын күтіп отыр. Нұрсан Әлімбай бассүйекті өткен жыл бойы зерттеп келген екен.

"Батырдың бассүйегі қандай екені, қаза тапқан батырдың қандай жағдайда қайтыс болғанын сипаттайтын белгілер бар. Осы мәліметтерді салыстыра отырып, бассүйектің Кейкі батырға тиесілі деген қорытындыға келуге болады. Музейге әкелінген кез келген дүние есепке алынып, кейін оның қайда пайда болғаны зерттеуге алынады. "Кунсткамера" қорына түскен уақытта бұл бассүйектің Кейкі батырға тиесілі екені жайлы құжат толтырылған болатын және онда батырдың қандай жағдайда қаза тапқаны жайлы көрсетілген", - деді ол. Музей директорының айтуынша, бассүйек Астанаға жеткізілген соң да тағы тексерістен өткізілген.

Айта кетейік, Кейкі батырдың бассүйегі Мәскеуден Астанаға 6 қазанда таңғы сағат 5.00-де жеткізілген болатын

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты. "Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын", - деп жауап берді Медведев Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай