18 қазан 2016 15:58

Кейкі батырдың келбетін венгр ғалымдары екі айда жасап шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тngrinews.kz коллажы © Тngrinews.kz коллажы

Венгр ғалымдары алдағы 2-3 айда Кейкі батырдың келбетін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Олар бұл жұмыста батырдың бас сүйегін қолданатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне антрополог Андраш Жолт Биро айтып берді. Айта кетейік, 2016 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы (ОММ) Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің қолғабысымен Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілген болатын.

Бироның айтуынша, жұмыс қорытындысын Қазақстанда таныстыру жоспарланған. "Ғылыми нәтижелерді біз Қазақстанның Тәуелсіздігі күні таныстыратын шығармыз, әрине бізді шақырған кезде. Біз үш өлшемді үлгісін жасайтын боламыз. Бұл батырдың есімі мәңгілік есте сақталу үшін жасалады", - деді Биро. Сонымен қатар, оның айтуынша, батырдың бассүйегіне сараптама жүргізіп, бассүйекке тиген зақымдарды анықтап, Кейкі батырдың қалай қайтыс болғанын да анықтауды жоспарлаған. "Бассүйектің ішкі бөлігінен ДНҚ-сын алуға тырысамыз. Оны батырдың ұрпақтарының ДНҚ-сымен салыстыруға болады", - деді ғалым.

Еске салайық, антропологиялық сараптаманы Андраш Жолт Биро мен Шандор Евингер жүргізеді. Ал Кейкі батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстарымен Агнеш Куштар айналысады. Осыған дейін, 2011 жылы Агнеш Куштар Әбілхайыр ханның (1693-1748 жылдары) бейнесін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети