26 қараша 2018 13:42

ҚХР азаматтарынан миллиард теңге жымқырды деген күдіктілер босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© iPress.ua © iPress.ua

Қытай азаматтарынан 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған қазақстандықтар кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытай азаматтарынан 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған қазақстандықтар кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зардап шеккендерге материалдық шығынның толықтай өтелуіне байланысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешім шықты", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.

"Келтірілген залал өтелу себебінен Алматы қаласы Алмалы ауданы 2018 жылғы 17 мамырда азамат Б.Н.Баймұғанов және Г.Н.Нәбиеваға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді", - деді Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев. 

Қазіргі уақытта күдіктілердің өз кінәсін толықтай мойындауына байланысты қылмыстық істің материалдары құзырлы органдардың иелігінде. 

Осыған дейін Бас прокуратура Қытай азаматтарынан бір миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандықтардың ісін тергеп жатқаны айтылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Базис Алатау" ЖШС басшылары Баймұханов Б., Нәбиева Г., ұстады олар алаяқтық дерегі бойынша ҚХР үш азаматынан Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джунь ақша жымқырған. 

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер "Қорғас" ШЫХО аумағында инвестициялық құрылыс пен жерлерді жалға беру туралы келісімшарттар жасасуға септігін тигізетіндерін айтып, ҚХР азаматтарынан бір миллиард теңге алыр кеткен. 

Күдікті Б.Баймұханов мен Г.Нәбиева 2018 жылы 20 ақпанда сот санкциясымен қамауға алынды. Екеуіне де алаяқты және заңсыз ойын кәсібін ұйымдастыру бойынша айып тағылды. Олар топ болып әрекет етіп, аса ірі көлемде қаражат жымқырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети