15 сәуір 2015 15:37

ҚХР елшісі "Қазақстан-2050" стратегиясын "Қытай арманы" бағдарламасымен салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Akorda.kz ©Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай халық республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэйді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай халық республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэйді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының одан әрі дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Назарбаевтың екі ел арасындағы достық және сенімге құрылған қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өткені жазылған.

"ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның былтырғы сапары табысты болды, біз бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қытайдың "Бір белбеу, бір жол" бастамасы мен біздің "Нұрлы жол" бағдарламамыздың ұқсастықтары көп. Біздің елдеріміздің іс-қимылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралінің құрылысында да тоғысады, газ құбыры мен теміржолдар салудамыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚХР елшісі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары өркендеп отырғанын, өзінің даму тарихында ең жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

"Қазақстан-2050" стратегиясы және "Қытай арманы" бағдарламасы да мақсаты мен мерзімі жағынан ұқсас. Қазақстан мен Қытай тату көрші ғана емес, стратегиялық серіктес те болып саналады. Біз Қазақстанның ел ішіндегі және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұмтылысын қолдаймыз. Қытай тарапы достық пен екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалайды", - деді Ханьхуэй.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети