Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Киіктердің не себепті қырылғаны келесі аптада анықталуы мүмкін

05 Маусым 2015, 16:55
0
©youpainter.ru
©youpainter.ru

Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бетпақдала киіктері популяциясының жаппай қырылу жағдайына қатысты ұсыныстарды қарастыру үшін жұмыс тобының отырысын өткізді. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасында қырылған киіктерді тапқан мамандандырылған зертханалар мен ғылыми ұйымдар олардың патологиялық материалдарын, жер қыртысының, судың, өсімдіктердің сынамасын зертхана және ғылыми зерттеулер үшін алды. Ветеринария бойынша ұлттық референт орталығының мәліметінше, жануарлардың сынамаларында пастереллездің қоздырғыштары табылған. Ал шетел мамандары келесі апта ішінде өз зерттеулерінің алдын ала қорытындысын көрсетуді жоспарлап отыр. 

2 маусым жағдайында 132 329 киіктің қалдығы жойылды, оның ішінде Қостанай облысында - 113 309, Ақмола облысында - 9386, Ақтөбе облысында - 9634. Киіктердің қырылуының жаңа дерегі тіркелмеді.

Ал ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің өкілдері өз кезегінде киіктердің қырылуы мен зымырандардың ұшырылуының арасында байланыстың болуы мүмкін еместігі туралы мәліметтерді келтірді, себебі жануарлар қырылған аумақта зымыран қалдықтары құламайды.

Отырыс қорытындысында Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірігіп, жағдайды бақылауға алуға және өлген жануарлардың қалдығын жоюға, сонымен қатар, Қазақстанның территориясында киіктерді аулауға салынған тыйым мерзімін ұзарту туралы шешімді дайындауға (ғылыми мақсаттардағы аулаудан басқа) тапсырма берді.

Білім және ғылым министрлігіне киіктер популяциясына жерсеріктік мониторинг жүргізу, экспедициялық топқа бетпақдалада аталған жануарлардың қыстайтын, төлдейтін орындарындағы, жазғы жайлауындағы суды, ауаны, топырақты, өсімдіктерді зерттеуді ұйымдастыруды тапсырды. Бұдан басқа, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ базасында киіктердің ауруларын зерделеу, оның алдын алу және емдеу әдістерін әзірлеу жөніндегі орталық (тәлімбақ) құру мәселесін қарауды тапсырды.

Жұмыс тобы апта ішінде Үкіметтің одан әрі қарауы үшін өз ұсыныстарын пысықтайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай