Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҚМДБ Charlie Hebdo жөнінде: Ренжітушілерге зорлықпен жауап беруге болмайды

22 Қаңтар 2015, 15:17
0
©Kommersant.ru
©Kommersant.ru

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Төралқа мүшелері мен Ғұламалар кеңесі Франциядағы Charlie Hebdo журналы редакциясында болған оқиғаға алаңдаушылық білдіреді және жергілікті жұртшылықты сабырлыққа шақырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Күллі мұсылман үмбеті үшін аса ардақты, жұртшылықты бейбітшілік пен діни төзімділікке шақырған пайғамбар Мұхаммедтің карикатурасын салып, келемеждеу дінаралық келіспеушілікті ушықтырады. Әлемде көптеген әртүрлі мәдениеттер мен діндер қатар өмір сүруде. Дін өкілдері бір-біріне құрметпен және түсіністікпен қарым-қатынас жасауды үйренулері қажет. Бір дін өкілі басқа дін өкілінің діни құндылықтарын қорлауға жол бермеуі керек деп санаймыз", - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Франциядағы Charlie Hebdo журналы редакциясында болған оқиғаға байланысты мәлімдемесінде. 

ҚМДБ діни сезімі қорланғандардың өз ренжітушілеріне шектен шығып зорлық амалдармен жауап беруін қолдамайды. "Пайғамбарымыз Мұхаммед үш рет былай деп қайталаған: "Шектен тыс кінәмшілдік пен қаталдық танытушылар жазым болады". Шектен тыс кінәмшілдік, жанкештілік жақсылыққа апармайды, адамдар арасындағы өшпенділікке әкеп соғады. ҚМДБ әлем халқын лаңкестік әрекеттерді Ислам дінімен байланыстырмауға үндейді. Дүниежүзін дүрліктіріп отырған лаңкестік әрекеттерден діни астар іздеу дұрыс емес. Лаңкестің діні, ұлты, тілі, тегі болмайды. "Бір адамды жазықсыз өлтіру – бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей" деп үкім берген Исламды лаңкестік оқиғалармен байланыстыру - қателік", - делінген мәлімдемеде. 

Діни басқарма өкілдері мұсылман адам дінді бүлдіргі мақсатта пайдаланғысы келетіндердің, Исламды мансұқтауды көздейтін күштердің нанымынан сақтануы тиіс деп есептейді және экстремизм мен лаңкестік көріністеріне қарсылық білдіреді. 

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Парижде бұған дейін Мұхаммед пайғамбарға карикатура арнап, танымал болған Charlie Hebdo басылымының редакциясына қарулы шабуыл жасалған еді. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Полиция шабуыл жасауға күдіктілердің 32 және 34 жастағы ағайындылар - Саид және Шериф Куашилер екенін анықтады. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам - 18 жастағы Хамид Мурад оқиға кезінде лаңкестерді машинада күтіп отырған. Ол полицияға өз еркімен беріліп, алибиі бар екенін мәлімдеді. 9 қаңтар күні ағайынды лаңкестердің көзі жойылды


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай