24 мамыр 2018 13:19

ҚМДБ өкілдері "Горный гигантта" салынып жатқан зәулім үйдің кімге тиесілі екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Алматыда салынып жатқан зәулім үй түсірілген. Сондай-ақ, онда "Горный гигант" ауданында орналасқан үйдің экс-мүфти Ержан қажыға тиесілі екені айтылады.

Бірақ ҚМДБ өкілдері видеодағы сөздердің шындыққа жанаспайтынын айтады.

"Салынып жатқан үй экс-мүфти Ержан қажыға тиесілі делінген видео жалған. Салынып жатқан үй белгілі кәсіпкерге тиесілі. Қажет болса, ол мұны растай алады. Ержан қажы адал қызмет етті. Ол басшы болған кезде ауқымды жұмыстар атқарылды", - деді ҚМДБ баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, Ержан қажы Малғажыұлы 2013-2017 жылдар аралығында бас мүфти болды.

Ал 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Серікбай қажы Ораз бас мүфти болып сайланды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети