02 қыркүйек 2020 11:19

Кімдер зейнетақының бір бөлігін ала алады? Министр жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы кімдер зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе білім алуға жұмсай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы кімдер зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе білім алуға жұмсай алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы жыл соңына дейін барлық қажет норматив-құқықтық акт қабылдап, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бүгінгі таңда тұжырымдамалық мақұлданған шешім бар. 721 мың адамда зейнетақы жинағының бір бөлігін осы мақсатта пайдалануға мүмкіндік болады, бұл шамамен 1,4 триллион теңге болады", - деді Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағын 50 пайыздан асырмай алуға болады.

Нұрымбетов олардың ішінде "жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинағы бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін қазақстандық, сондай-ақ зейнетақы жинағы бар 178 мыңнан аса зейнеткер және сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан 13 мың адам барын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында енді 2021 жылы 700 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатыны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети