03 мамыр 2018 18:53

Көгалдағы Gelandewagen мен тротуардағы Lexus алматылықтардың шамына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен Сурет Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен

Алматы көлігін тұраққа дұрыс қоймағаны үшін жол талғамайтын екі көліктің жүргізушісіне айыппұл салынды. Олардың көліктерін кездейсоқ куәгерлер суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы көлігін тұраққа дұрыс қоймағаны үшін жол талғамайтын екі көліктің жүргізушісіне айыппұл салынды. Олардың көліктерін кездейсоқ куәгерлер суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Газонға тұрақтаған "Mersedec-benz G-class" маркалы көліктің суреті аолицейлердің дереу әрекет етуіне себепші болған. 

"Қалалықтардың шағымы бойынша жағдайды анықтау шаралары жүргізілді. "Mersedec-benz Gelandewagen" маркалы көліктің жүргізушісі бордюрдан шығып, газонға көлігін тұрақтағаны анықталды. Жүргізуші ереже бұзғанын мойындады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру") бойынша он айлық есептік көрсеткіш (10 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Осындай жағдай Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында Lexus маркалы көлігін тротуарға қойған 28 жүргізушіге де қатысты қолданылды. Оған да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети