22 қаңтар 2020 14:48

Қоғам белсендісі "Қазақмыс" директорына шабуыл жасаған адам туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоғызбай Тәжбенов. © yvision.kz/Александр Залесский Тоғызбай Тәжбенов. © yvision.kz/Александр Залесский

Жезқазғанда "Қазақмыс" топ-менеджеріне шабуыл жасап, соның кабинетінде өз-өзіне қол салған кәсіподақ басшысы Тоғызбай Тәжбенов туралы айтып берді. Ер адамды танитындар оның әрдайым сабырлы әрі парасатты болатынын айтады, сол себепті таяуда болған жағдай барлығы үшін күтпеген жағдай болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жезқазғанда "Қазақмыс" топ-менеджеріне шабуыл жасап, соның кабинетінде өз-өзіне қол салған кәсіподақ басшысы Тоғызбай Тәжбенов туралы айтып берді. Ер адамды танитындар оның әрдайым сабырлы әрі парасатты болатынын айтады, сол себепті таяуда болған жағдай барлығы үшін күтпеген жағдай болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаза тапқан адам туралы қоғам белсендісі Берік Жағыпаров айтып берді. Оның айтуынша, Тәжбенов алдымен шахтада еңбек етіп, содан кейін әкімшілік жұмыспен айналыса бастаған. Ұзақ уақыт бойы ол "Қазақмыстың" әлеуметтік бөлімін басқарып, кейін кәсіподаққа кетуге шешім қабылдаған. 

"Бұл 2018 жылдың қараша айында болды. Мен одан сұрадым, өйткені, шын мәнінде, бұл қызметтік төмендеу болатын. Бірақ ол осы жұмыспен айналысқысы келетінін және осы өз орны екенін айтты. Оған ол жер жайлы болды. Оның қызметіне жұмысшыларға тұрғын үйді бөлу, оларды оқуға жіберу,шаралар ұйымдастыру кірді", - дейді Берік Жағыпаров.

Сонымен қатар, қайтыс болған азамат Сәтбаев қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты болған. Жағыпаровтың айтуынша, бұл лауазымдар Тәжбеновтың мінезіне із қалдырды: ол әрдайым сабырлы және барлығын ақылға салатын жан еді. 

"Ол әртүрлі жағдайларға бейімделе білді, мінезі жұмсақ болатын. Мүмкін, бірдеңе әсер еткен шығар", - деп жалғастырды қоғам белсендісі. 

"Қазақмыс" бас директоры туралы не білеміз?

Жағыпаров оқиғаның кешкі сағат алты шамасында,"Қазақмыстың" қызметкерлері үйге қайтып жатқанда болғанын айтады. 

"Ғимарат дереу қоршалып, адамдарды тергеу шаралары жүргізілгенге дейін тағы бірнеше сағат шығармай отырған".

Еске салайық, 21 қаңтарда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды. Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Мініғұловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.

"Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М. Мініғұлов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети