28 ақпан 2019 17:23

Қоғамдық келісім комитетінің басшысы міндетін атқарушы бюджет қаражатын заңсыз жаратты деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы міндетін атқарған Қайсар Жанаханов бюджет қаражатын заңсыз жұмсады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин Астанада өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол орындалған жұмыстар актілері жайлы жалған құжаттарға қол қойып, деструктив, радикал ағымдағы әдістемелік құралдарды шығару арқылы бюджеттің 1,9 миллион теңгесін жаратты деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындау туралы келісім жасасқысы келді", - деп хабарлады агенттіктің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Астанада өткен брифинг барысында.

Еске салайық, мұның алдында Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комиссиясының төрағасы міндетін атқарған Қайсар Жанахановқа 141 миллион теңге айыппұл салынғаны хабарланған еді.

Қайсар Жанаханов биыл қаңтарда үй қамауына алынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети