24 маусым 2016 12:11

Қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған мемқызметкерлер жұмысынан айырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infozakon.com © infozakon.com

Қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған мемқызметкерлер жұмысынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Айгүл Шайымова айтты.


Қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған мемқызметкерлер жұмысынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Айгүл Шайымова айтты.

Оның айтуынша, жұмыстан тыс уақытта қызметкерлер анти-қоғамдық тәртіп жағдайларына жол бермеу керек. "Олар өз тәртібімен үлгі болуы керек, оларға қалғандары еліктейтіндей болуы тиіс. Олар қоғамдық орындарда мас күйде болмауы тиіс, себебі бұл жағдай адамдық абыройын түсіреді және қоғамның адамгершілігін жояды. Сонымен қатар, заңнаманы бұзбауы тиіс, тәртіп пен қауіпсіздікке жол бермеуі тиіс. Осы әрекеттерді жасағандарға жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілік қарастырылған", - деді вице-министр.

Шайымованың айтуынша, еліміз бойынша мұндай теріс қылық жасаған шенеуніктер жұмыстан шығарылыпты. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі жетекшілер де бар екен. Бұл деректер Маңғыстау, Ақмола облыстарында тіркелген, мұнда аудандық жетекшілер мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланыпты. Вице-министр жыл басынан бері 152 мемлекеттік қызметкердің тәртіптік жазаға тартылғанын айтып өтті.

Еске салайық, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заң күшіне енді. Қызметтік тұлғалар енді сыйлық ала алмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети