08 ақпан 2017 13:47

Қожамжаров "Бәйтерек" холдингіндегі жемқорлық дауына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

1gorod.kz 1gorod.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров "Бәйтерек" ұлттық холдингіндегі жемқорлық дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров "Бәйтерек" ұлттық холдингіндегі жемқорлық дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бірнеше қылмыстық істі тергеп, оған қатысты шешім шығарған соң, ірі жүйелі түрде болған қателіктерді анықтағанымызды көріп отырмыз. Расында да жүйелік қателіктер жемқорлықтың еліміздегі барлық салада пайда болуына әкелді. Мысалы, ұзақ уақыт бойы Ұлттық қордан ақша жымқырып келген қылмыстық топты әшкерелеген соң, яғни, "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшыларын ұстаған соң, біз ақшаны оңай жымқыруға жағдай жасап бергенімізді көріп отырмыз. Мемлекеттік тапсырыстар туралы заңдар ешқайда жарияланбаған. Ал корпоративтік кодекс тендерге кәсіпорын атынан бір адамның қатысуын, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстарды қабылдау мәселелерін тек бір адамның шеше алуына мүмкіндік берді. Мұның барлығы бақылаудың жоқтығынан болып отыр", - деді Қожамжаров алқа отырысында.

"Біз жемқорлықты тоқтатып, оны жою үшін барынша ашық болып, қоғамды да барынша осы мәселеге тартуымыз керек. Біз осыны үйренуіміз керек. Нақтыланған тергеу жұмыстарынан кейін біз қылмыстың себебін анықтап, лауазымды тұлғаларға, уәкілетті органдарға қандай мәселелерге назар аудару керектігін айтып отыруымыз керек. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін қандай жүйелі шараларды қабылдау қажеттігін айту керек. Жүйені одан әрі жетілдіру керек. Бұл әсіресе, мемлекеттік қаражатқа қатысты", - деді ол.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнын жиі ауыстыруына қатысты пікір білдірді.

"Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысты жиі ауыстыру әдеті әлі де байқалады. Басқармаларда тұрақты жағдай орнату үшін арнайы жоспар қолдану керек. Біз басшылардың, әкімнің немесе министрдің жұмыс орнын жиі ауыстыратындарын көріп жүрміз. Бұл мәселеге тосқауыл қою керек", - деді Қожамжаров.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 17 қарашасында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары ұсталған болатын. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети