Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Көк базар" саудагерлері бағаны шарықтатып жіберді

27 Тамыз 2015, 13:11
1
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қала әкімінің азық-түлік бағасын қымбаттатпау туралы тапсырмасына сәйкес, базарларды қадағалау жалғасып келеді. Осы ретте "Алматы" арнасының тілшілері өзгерістерді бақылап қайтты.

Телеарна тілшілері сауда орындарындағы бағаның бірдей еместігін анықтады. Мәселен, ғимараттың бірінші қабатындағы кәсіпкер мен екінші қабаттағы саудагерлердің жеміс-жидек, көкөністерінің құны әртүрлі. Ал өз кезегінде "Көк базар" сауда орталығының бас әкiмшiсi Бота Қарамолдаеваның айтуынша, бағаны заңсыз көтерген саудагерлермен келісімшарттың үзілетінін айтып отыр. "Егер біздің сатушылар бағаны заңсыз көтерсе, біз олармен келісімшартты бұзамыз",- деді Қарамолдаева. 

Ал сатушылардың бірі қымбаттаған тауардың шет елдерден келгенін айтады. "Сырттан келіп жатқан заттар ғой. Кішкене азайып қалса, баға қосылады. Қазір келісіне 200 теңге қосылып тұр ғой",- деді саудагер Фархат Ахтанов.

Айта кетейік, сүт, көкөніс, ет, май сынды халық күнделікті тұтынатын 33 түрлі тағам мен тауар бағасы өзгермеуі тиіс. Ал, көк қағаздың қымбаттауын тиімді пайдаланғысы келгендердің әрекеті ұзаққа бармаған. "Қала әкімінің тапсырмасы бойынша ауданда арнайы штаб құрылған. Ол штабқа прокуратура, ішкі істер департаменті кіреді. Бәріміз бағаларды қарап жатырмыз. Күніне екі рет тексереміз. Ауданымызда екі базар мен 15 супермаркет бар",- деді Алматы қалалық Медеу ауданы әкiмiнiң орынбасары Берiк Сағымбеков. Бақылаушылардың айтуынша, тауар өндірушілер мен оны тасымалдаушы компаниялар бағаны өсіруге ниетті екен. Мүмкіндікті қалт жібермейтін мұндай мекемелерде тізімге алынып, жауапқа тартылады.

Еске салайық, осыған дейін қаланың жаңа басшысы Бауыржан Байбек дәл осы базардың саудагерлерімен кездескен болатын. Қала әкімі "Көк базардағы" сауда орындарын қарап, азық-түлік бағасын сұраған. Саудагерлер бағамның өзгеруіне қатысты тауарларын қымбаттатпағанын айтқан еді. Кейбірі тіпті саудаласуға да дайын екенін ле жеткіген еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай