27 желтоқсан 2016 13:33

Көк көзді, бойшаң емес, бірақ иықты - Мұхамедиұлы Кейкі батыр туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мәдениет және спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Кейкі батырдың түр-тұрпаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәдениет және спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Кейкі батырдың түр-тұрпаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қорытынды ДНҚ нәтижелерін қаңтар айында аламыз. Нұрсан Әлімбай тікелей қатысты, олар ДНҚ арқылы көзінің, терісінің түсін анықтады. Кейкі батыр қараторы, ал көзінің түсі - көк болған. Бойы биік емес, дегенмен иықты болған екен", - деді министр. 

Орталық мемлекеттік музей директоры Нұрсан Әлімбайдың сөзінше, қалпына келтірілген бет-бейнесінің шындыққа жанасу көрсеткіші 98,7 пайыз екен. "Бұл оның нақ бейнесі деп есептеңіз", - деп атап өтті Нұрсан Әлімбай.

"Көпшілік бассүйекті неге салтанатты түрде қайтармаймыз деген сұрақ болды. (...) Ресей тарапынан ұлкен өтініш болды, юарлық құжаттар шілде-тамыз айларында дайын болғанымен, Ресейдің мәдениет министрі Мединский Мемлекеттік думаға сайлау қарсаңында ақпаратты жаймауды сұрады. Өйткені әр жерде тарихи құндылық туралы әр түрлі түсінік бар. Бұл сайлауға кері әсерін тигізуі мүмкін еді. Бұл оңай болған жоқ - қолыңда керемет тарихи жәдігер тұрып, бұл туралы ешкімге тіс жармау. Біз берген сөзімізді бұзбауымыз керек болды. (...) Тәуелсіздік жылдары бұл тарихи жәдігерімізді қайтарған алғашқы жағдай", - деп түсіндірді Мұхамедиұлы. 

Министрдің айтуынша, батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстарына венгриялық ғалымдармен қатар германиялық мамандар да қатысты. 

Сонымен бірге, Мәдениет және спорт министрлігі қолда бар фактілер мен аңыздар негізінде Кейкі батыр туралы фильм түсірмек. "Деректі фильм арқылы (батыр бейнесін толық ашып алуымыз) толық түсінік қалыптастыру керек, сосын аған көркем фильм түсіруге құқымыз болады", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Еске салайық, осыған дейін венгр ғалымдары Кейкі батырдың келбетін қалпына келтіргені хабарланған болатын. Белгілі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Кейкі батырдың бассүйегінің қалыпқа келтірілген эскизін жариялады.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети