19 қараша 2014 09:34

Көкпекті әкімі көлік жүргізу құқығынан бір жылға айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Смайылов. ©Тengrinews.kz Бақытжан Смайылов. ©Тengrinews.kz

Журналистермен кездесуге асығып келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткені үшін Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының әкімі Бақытжан Смайылов жүргізуші құқығынан бір жылға айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Журналистермен кездесуге асығып келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткені үшін Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының әкімі Бақытжан Смайылов жүргізуші құқығынан бір жылға айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімнің лауазымы да, не себепті асығып бара жатқаны да жол-патруль инспекторларына ешқалай әсер етпеді, олар әкімнің жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы хаттама толтырды. 

"Мен сіздерге, журналистерге асыққан едім. Қарағанды облысының әкімі мен журналистер наурыз айында су астында қалған үйлерді қарап шығуы керек болды. Менің алдымда келе жатқан ірі жүк көлігі өте баяу қозғалғаннан кейін оны айналып өтуді ұйғарған болатынмын", - деді Tengrinews.kz тілшісіне оқиға туралы түсінік берген Бақытжан Смайылов.

Қарағанды мен Көкпекті арасындағы тас жолдың учаскесін қадағалаған жол-патруль полицейлері Opel жеке көлігін мінген әкімді тоқтатқан. Ол өзіне ірі габаритті көлік кедергі келтіргенін айтса да, инспекторлар қарама-қарсы бағытқа шығып кету және жолдың жалпақ сызығын кесіп өту дерегі бойынша хаттама толтырған. 

Қарағандының мамандандырылған ауданаралық соты Көкпекті әкімін ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 463-3- бабы бойынша айыпты деп танып, көлік құралын басқару құқығынан бір жылға айыру туралы шешім шығарды

"Заңның қатайтылғанын, заңбұзушыларға жеңілдік жасалмайтынын түсінемін. Бірақ жүргізушінің ережені бұзуға мәжбүр болатын жағдайлары да бар екенін ескеру керек", - дейді Смайылов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети