01 сәуір 2014 13:23

Көкпекті апатының құрбандары суға тұншыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews TV ©tengrinews TV

Қарағанды облысы Бұхар жырау аудынының Көкпекті ауылындағы апатта қайтыс болғандардың барлығы суға тұншығып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысы Бұхар жырау аудынының Көкпекті ауылындағы апатта қайтыс болғандардың барлығы суға тұншығып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Апатта мерт болған үш азамат - зейнеткер, екеуі апат туралы хабар алып, жолға шықққан. Алайда сол жерде оларды судың толқыны шайып кетті. Әйелдің біреуі күйеуі отырған машинаға секіріп үлгермеді. Оны да су алып кетті. Жолдасы аман қалды. Бұдан бөлек, тағы бір әйел ауырып жатып, үйден шыға алмаған. Біз әрбір үйдің тұрғыны бойынша ақпарат жинап, тіркеу мәліметтерімен салыстырдық. Із-түзсіз жоғалып кеткендер жоқ", - деп мәлім етті Үкіметтің бүгінгі оытрысынан кейін министр В.Божко. Оның айтуынша, медициналық тексеріс апатта қайтыс болған бесеуінің де су асфиксиясынан, яғни суға тұншығып өлгенін анықтады.

Айта кетейік, наурыздың 31-іне қараған түні Көкпекті қоймасының суы тасып, жақын тұрған ауылға лап берді. Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, 100-ден астап үйге су кірді. Алайда Қарағанды облысының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, су басқан үйлердің саны 300-ге дейін жетті. Көкпекті апатында бес адам қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети