01 сәуір 2014 09:16

Көкпектіде қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қарағанды облыстық ТЖД ©Қарағанды облыстық ТЖД

Көкпекті ауылында плотинаның жарылуынан қаза тапқан тұрғындардың отбасына бір миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкпекті ауылында плотинаның жарылуынан қаза тапқан тұрғындардың отбасына бір миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша баспанасыз қалған тұрғындар ауылдағы мектеп пен екі жатақханаға орналасқан. Су сорылып, аумақ тазартылып жатыр. Құқық қорғау органдары мүліктердің тоналмауын қадағалап отыр. Өлген жануарлар мал қорымына көміледі, аумақта індеттің тарау қаупі жоқ.

Дүйсенбі күні кешкісін тұрғындармен кездескен өңір басшысы Бауыржан Әбдішев жағдайдың бақылауда екенін айтты. Зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетіледі. Әкім бөгеттің жарылуынан қаза тапқан бес адамның туыстарына көңіл айтып, марқұмдарды жерлеу шығындарын мойнына алатынын жеткізді. Қазір арнайы комиссия апаттан келген материалдық шығынды есептеп жатыр. Тиісті өтемақы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша төленетін болады. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әзірше 19 үйдің ішінара қирағаны, 40-қа жуық үйдің малы қырылғаны белгілі. Оқиға орнында төрт шұғыл әрекет ету бригадасы жұмыс істеп жатыр, олардың құрамында психологтер мен медицина жұмысшылары бар. Төтенше жағдайды залалсыздандыруға барлығы 691 адам мен 112 техника жұмылдырылған. Еске сала кетейік, 31 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылын су шайып кеткен болатын. 300-дей үйді су басып, бес адам қаза тапты, суыққа тоңған алты адам ауруханаға түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети