10 шілде 2014 16:29

Көкпектінің қираған баспаналары күзге қарай қалпына келтіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Божко Көкпекті аулында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. ©Айсұлу Бұштаева Министр Божко Көкпекті аулында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. ©Айсұлу Бұштаева

Қыркүйектің 1-іне дейін топан судан қираған Көкпекті ауылындағы үйлердің құрылысы толығымен аяқталатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға сілтеме жасап. 


Қыркүйектің 1-іне дейін топан судан қираған Көкпекті ауылындағы үйлердің құрылысы толығымен аяқталатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға сілтеме жасап. 

Министр Көкпекті аулында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. "Облыстың экономикалық әлеуеті мен қарағандылық құрылысшылардың дайындығын ескере отырып, қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қыркүйектің 1-іне дейін аяқталады деп айтуға болады. 1 қыркүйекте сіздер қоныс тойын атап өтесіздер. Бұл үйлер сапалы құрылыс материалдарымен салынды. Үйлер кең. Ауданы 60-160 шаршы метрді құрайды", - деп атап өтті Божко.

Кездесуге қатысқан Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, кейбір үйлер кешіктіріліп салынып жатыр. "Жоспардан ауытқу шамамен екі аптаны құрап отыр. Әрине, ол көп емес. Дегенмен, сол үшін біз бұрыңғы субмердігермен жұмыс істемейтін болдық. Қазір жаңа субмердігер тартылды. Ол жоспар мерзімін орындауға кірісті", - дейді Әбдібеков. Көкпекті ауылындағы үйлерді 12 құрылыс компаниясы салып жатыр. 

Айта кетейік, биыл мамырдың 31-іне қараған түні Көкпекті ауылында топан су бөгетті жарып кетіп, 300 үй су астында қалды. Төтенше оқиғаның салдарынан бес адам мерт болды. Құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети