27 ақпан 2017 12:55

Көкшетауда әйгілі фильмнің сюжеті қайталанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу заңы бойынша ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Көкшетауда тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу заңы бойынша ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен демалыста болған оқиға желісі кеңес одағында түсірілген "Ирония судьбы, или с легким паром!" фильміне ұқсас. 25 ақпанда Көкшетау ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің үйіне бөтен ер адамның кіріп кеткенін айтып, арыз берген. 

Оқиға орнына келген полицейлер 30 жастағы ер адамның жәбірленушінің көршісі екенін анықтаған. Сол күні ол мас күйінде өз үйімен шатастырып, көршісінің үйіне кірмекші болған. Кілт сәйкес келмеген кезде де ол терезені шағып, үйге кірген. Өз үйінде жүрмін деп ойлаған ер адам алаңсыз ұйқыға кеткен. Оның ұйқысын үй иесі мен полицейлер бұзған. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 1-бөлігі ("Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ер адам өз кінәсін мойындаған. Осы заң бойынша үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети