Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылмақ

09 Сәуір 2014, 19:31
0
Мәлік Ғабдуллин.  Тengrinews.kz
Мәлік Ғабдуллин. Тengrinews.kz

 Ұлы Жеңіс мерекесіне қарсы Көкшетауда Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

"Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қойылады және "Даңқ аллеясына" жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов. Кеңес одағының батырына арналған ескерткіш Әуелбеков және Момышұлы көшелерінің қиылысына орнатылмақ.  

Жөндеу жұмыстары барысында аллеяның қоршаулары, жеріне төселген төсеніштері толығымен ауыстырылмақ. Сондай-ақ аллеяға гүлдер, ағаштар отырғызу, жарықтарындыру құрылғыларын заманға сай құрылғылармен алмастыру жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарына 55 миллион теңге қаржы жұмсалатыны есептелген. Аллеяны жөндеу жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.

Аллеяның жаңаруы соғыс ардагерлері мен қала тұрғыдарына Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай үлкен сый болмақ.   Сондай-ақ облыс орталығында аштық пен саяси репрессия құрбандарына композициялық монумент қою да жоспарланып отыр. Бұл монумент қаланың шыға берісіндегі Уәлиханов көшесіне орнатылмақ. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай