04 мамыр 2017 09:23

Көкшетауда сабақ үстінде қайтыс болған оқушының өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда сабақ үстінде қайтыс болған оқушының өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Көкшетауда сабақ үстінде қайтыс болған оқушының өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Еске сала кетейік, осыған дейін полициядағылар Көкшетау қаласындағы орта мектептердің бірінде 2 мамырда 2002 жылғы оқушының қайтыс болғанын мәлімдеген болатын. Облыстық ІІД мәліметінше, қайғылы оқиға дене шынықтыру пәнінде болған. 

Телеарнаның мәліметінше, спортты жанындай сүйетін Дамир дене шынықтыру сабағынан қалып көрмепті. Осы күні де әдеттегідей достарымен бірге мына залда жаттығуға кірісіп, көп уақыт өтпей есінен танып құлаған. Алғашында не болғанын түсінбеген ұстаздары дереу көмекке ұмтылған.

"Міне, мына жерде былай құлады.Жүгіріп кеп, демеп жатырмыз. Бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге мектеп медбикесін шақырдық", - дейді куәгер Геннадий Собольев. 

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, қазір мектеп ішіне Дамирдың суреті ілініп, еске алу бұрышына гүлдер қойылып жатыр. Күтпеген оқиғадан оның сыныптастары да шошынып қалыпты. Ал мектеп басшылығы баланы құтқарып қалуға уақыт жеткілікті болды дейді.

"Жедел жәрдем бірінші бригада келді. Реанимациялық құрылғылары болмады. 3 рет телефон шалып екіншісін шақырдық. Баланың жағдайы қиындап кетті. Сөйтіп, жолда қайтыс болған", - дейді мектеп директоры Гүлнар Әбдіқасымова. 

Ал Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлованың  айтуынша, бала бірден құлаған. Жедел жәрдем келгенше қан қысымы да, жүрек қағысы да тоқтады. "Сол жерде бірден өліп кеткен. Мүмкін, бұл жақындарынан берілген сырқат шығар. Мүмкін, жүрек тамыры үзіліп кеткен шығар әйтеуір сол мектепте жан тапсырған", - деді блыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Тұңғыштарынан қапыда айрылып қалған Дамир Сағадиевтің ата-анасы қайғыдан қан жұтып отыр. Алайда туыстары баланың сырқаты болғанын айтады. Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети