19 мамыр 2014 13:00

Көктемгі тасқын суларды өткізуге әзірлік алдын ала жасалды - В.Божко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото News.gazeta.kz Фото News.gazeta.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі В.Божко көктемгі тасқын сулар туралы баяндады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі В.Божко көктемгі тасқын сулар туралы баяндады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Биылғы көктем мезгілінде тасқын суларды өткізуге дайындық алдын ала жүргізілген екен. Оған барлығы 4455 адам жұмылдырылып, 833 техника, соның ішінде азаматтық қорғаныстың екі полкі (257 адам және 33 бірлік техника), 119 жүзу құралдары, құтқару жасақтары (3561 адам және 777 бірлік техника), апаттар медицинасы орталығы (64 адам және 22 бірлік техника) күштері мен құралдарының топтамасы құрылып, жоғары әзірлік жасалса керек.

"2014 жылы наурызда "Көктем-2014" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында шұғыл ден қою күштері мен құрылымдарының әзірлігі тексерілді, оған АҚ және ТЖ 973 құралымы, 11074 қызметкер және 3176 бірлік техника қатысты. 2014 жылғы 10 қаңтардан бастап 24 наурыз аралығындағы кезеңде тасқынға қарсы режимде Көксарай су реттегіші жұмыс істеді, қазіргі таңда онда жиналған су көлемі 3 млрд текше метрді құрайды", - деді В.Божко.

Сәуірдің үшінен бері Есіл өзенінің тасыған суынан Астана қаласын қорғау шарасы жоғары деңгейде жұмыс істеді.




 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети