26 мамыр 2019 17:49

Көктемнің басты оқиғасы. The Spirit of Tengri

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ


17.45. "Бұл фестиваль бүкіл әлемнің этникалық музыканттарының мәдени жиынтығы. Мұнда ешкім жарыспайды, мұнда барлығы өз елінде бар нәрсені көрсетеді. Үлкен, ортақ бір процесс жүріп жатыр. Мәдениет арқылы халықтар бірігеді. Астананың туған күніне орай фестивальді Бәйтеректің алдында жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір елорда әкімдігімен соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Биыл күзге жақын шараны Орал, Түркістан, Шымкент қалаларында өткізуді жоспарладық. Дайындық қарқынды жүріп жатыр. Әр қалада музыканттар құрамы әр түрлі болады, мұндағыны қайталанбайды. Бүгінде музыканттарды таңдауға мүмкіндігіміз бар, себебі өтініштер бүкіл әлемнен келіп жатыр. Бүгін Алматыда екі-үш жыл бұрын өтінім берген әртістер өнер көрсетеді. Бізге тек №1 әртістер келеді", - деді The Spirit of Tengri бас продюсері Жан Қастеев.

17.30. The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің сахнасына қазақстандық Ethno5 этно-поп тобы шықты. Олар қазақтың фольклор аспаптарына жаңа үн береді. 2017 жылы құрылған команда өз шығармашылығында домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, саз сырнай, шаң қобыз, дауылпаз, даңғыра, асатаяқ, шіңбілдек, нар қобыз, үскірік сынды халық аспаптарын қолданады. Музыканттардың репертуарында халық композиторларының (Құрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса Тілендиев) күйлері мен әндері, сондай-ақ, авторлық шығармалары бар.

17.00. DJ Alena Lobastova көктемнің басты фестивалінің екінші күнін ашады!

Әлемнің 16 елінен 70-тен аса музыкант Алматыда өтетін The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Фестиваль 25-26 мамырда Республика сарайының (Абай - Достық) алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт 17:00-де басталады, кіру - тегін. Музыкалық шоу Жастар жылын атап өту аясында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Salem Social Media.

Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal. Қонақтарды Salben Club кешені күтіп алады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети