23 мамыр 2016 15:01

Қоқыс жәшігінен табылған нәрестелерді қарағандылық кәсіпкер әйел асырап алуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Садырбаева Әлия Садырбаева

Қоқыс жәшігінен табылған нәрестені қарағандылық кәсіпкер әйел асырап алуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 38 жастағы әйел алты баланың анасы екен.


Қоқыс жәшігінен табылған нәрестені қарағандылық кәсіпкер әйел асырап алуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 38 жастағы әйел алты баланың анасы екен.

"Бала көп, артық, бөтен болмайды. Мен қыздың өз баласынан бас тартпауы үшін көмектескім келеді. Қазір тәрбиелегісі келмесе, баланы өзім ала аламын. Тіпті нәрестені емізе аламын, қазір 8 айлық балам бар. Егер ол кейін баланы алып кеткісі келсе, мен оған беремін. Қалдырғысы келсе, асырап алуға дайынмын", - деді Әлия Садырбаева. Ол бұл ұсынысты күйеуінің де қолдап отырғанын айтты.

Бизнесвумен бұған дейін әлеуметтік желіде жазба қалдырған екен. Онда ол қыздарға балаларын тастамауды, көмек қажет болса барлығына жәрдем беруге дайын екенін айтады.

"Мені тексеріп хабарласуы да мүмкін. Дегенмен, сол қоңыраулардың арасында бір балаға болса да көмегімді тигізсем - бұл мен үшін нәтиже болар еді", - деді Әлия Садырбаева.

"Сіздерден өтінерім, мұндай қадамға бармаңыздар! Өз балаларыңды өлтіріп, далаға тастамаңдар! Бүгін қаншалықты қиындық болса да, ертең жаңа күн келеді! Ол күн сізді балаңыздың құшақтауымен басталады. Олардың жұмақ иісін иіскеу бақытынан өздеріңді айырмаңдар. Ананың балаға деген махаббаты шексіз...", - деп жазды әйел Yvision.kz сайтында.

Еске сала кетейік, өткен аптада Қарағандыда қоқыс жәшігінен шала туылған нәресте табылған болатын. Бала әжетхана қағазына орап тасталыпты. Кейін полицейлер баланың анасын тапты. Ол Кеңгір ауылының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети