13 желтоқсан 2019 16:29

"Колбин, кет!". Балабақшада 1986 жылғы митингіні таратқан сәт сахналанды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде қойылым қойған балалардың бір тобы қолына плакат алып, "Колбин, кет!" деп ұрандатқан, ал басқалары ойыншық автоматпен "митингіні таратқан", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде қойылым қойған балалардың бір тобы қолына плакат алып, "Колбин, кет!" деп ұрандатқан, ал басқалары ойыншық автоматпен "митингіні таратқан", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дайындықта түсірілген видеолар мессенджер мен әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда бір-біріне қарама қарсы тұрған балалардың екі тобы көрінеді. Бірінші топ өкілдерінің қолында плакат бар. Олар тәрбиешінің айтуымен "Колбин, кет" деп бірге айтып жатыр. 

Ал қалғандары мемлекеттік қызметкерлерді ойнап жүрген сияқты. Олар "митингіні" ойыншық автоматпен басып жүр.  

Оқиға Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде болған. 

"Ол 12 желтоқсанда Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы "Бал Бұтақ" жекеменшік балабақшасындағы "Сұңқар" деген топта болған. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында видеода көрсетілгендей іс-шаралар ұйымдартыруға жол берілмейі. Бұл қойылымды жеке балабақша өзі ойластырған. 

Қазіргі таңда балабақша құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық білім бөліміне түсіндірме әңгіме жүргізу үшін шақырылды. Сондай-ақ, өз тарапымнан осындай іс-әрекетке жол берілмейтінін және олқылықтар болса, қатаң жазалау шаралары қолданылатынын мәлімбеймін", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

Геннадий Колбин - кеңес саяси қайраткері, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1986 жылдың желтоқсанында оның тағайындалуы жастардың жаппай наразылығын туғызған. Алма-Ата (қазіргі Алматы) студенттері Брежнев алаңына (Қазіргі Республика алаңы) шығып, басқа басшы қоюды талап еткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети