Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қолданыста болған автокөліктер қымбаттамайды - сарапшы

26 Тамыз 2015, 15:00
0
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Қазақстанда қолданыста болған автокөліктер қымбаттамайды. Бұл туралы "Аллюр Авто" компаниясының бас директоры Андрей Лаврентьев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баға төмендеуі мүмкін. Себебі 2010 жылы жаңа кедендік салықтың енгізілгенінен кейінгі автомобильдер жаңа саналады - 3-4 жыл. Оларды екінші қайтара сата бастайды. Бұл көліктер ресми дилерлерден немесе қазіргі уақытта дамып келе жатқан Trade-in жолымен сатып алыған. Олар, менің ойымша, нарықтағы бағасынан арзан болады. Себебі адамдар автомобиль сатып алып, оны қайта салонға өткізіп, жеңілдігі бар бағдарлама бойынша жаңасын алып жатады. Міне, осы көліктердің бағасы арзандауы мүмкін", - деді Лаврентьев.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбаттарына өзге сарапшылар ескі автокөліктердің нарығындағы жағдайлың бірқалыпты емес екенін айтады. "Мәліметтер құбылмалы күйде. Олардың бағасы дұрыс емес және оларға бағдарланудың қажеті жоқ. Біршама уақыт өтуі керек", - деп мәлімдеді сарапшы.

Айта кетейік, осыған дейін Андрей Лаврентьев Қазақстанда құрастырылған көліктердің жыл соңына дейін қымбаттамайтынын болжаған еді. "Кейбір компаниялар жаңа модельдердің құнын қымбаттататын шығар, бірақ бұл теңге бағамының 30-35 пайыздық құны бойынша көтерілмейді. Егер республикаға кіргізілген жаңа модельдер қымбаттаса олардың шегі 5-6 пайыз көлемінде болады. Сарапшы ретінде бар айта алатынымыз осы", - деп мәлімдеді Андрей Лавреньтев.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай