31 қазан 2014 15:09

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 2015 жылы Астанада үш тұрғын үй кешені беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

2015 жылы Астанада "Қолжетімді баспана-2020" бағдарлама бойынша үш тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап. Оларға 1097 отбасы қоныстанады.


2015 жылы Астанада "Қолжетімді баспана-2020" бағдарлама бойынша үш тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап. Оларға 1097 отбасы қоныстанады.

"Қолжетімді баспана-2020" бойынша салынып жатқан үш тұрғын үй кешенінің жалпы көлемі - 48, 7 мың шаршы метр. Олар мына мекенжайда орналасқан:

- Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелері ауданында - 272 пәтер, жалпы көлемі 11,9 мың шаршы метр;

- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзені бойында - 295 пәтер, жалпы көлемі 14,6 мың шаршы метр;

 - Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзені бойында - 530 пәтер, жалпы көлемі 22,9 мың шаршы метр.

Сонымен қатар, Астана әкімдігі қалада тағы да бес тұрғын үй кешенінің құрылысын бастауға жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатқаны хабарланды.

2014 жылдың маусым айындағы мәліметке қарағанда, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша Астанада жалпы көлемі 61,1 мың шаршы метр болатын 1140 пәтерлі бес тұрғын үй тұрғызылды. Оның біріншісі №12, 28, 38 көшелерінде, екіншісі - "Кампус" тұрғын үй кешенінде, үшіншісі Мүсірепов пен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысы ауданында, төртіншісі - Сауран және Сығанақ көшелерінің қиылысында, ал бесіншісі Айнакөл көшесінде, Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің аралығында - 243 пәтер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети