18 наурыз 2014 19:31

Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mtc.gov.kz сайтынан алынды Фото mtc.gov.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысының Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Замир Сағынов 2007 жылдан бері ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Әр жылдары Батыс Қазақстандық автожолдар мекемесінің директоры, Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы, БҚО Қазталов ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфраструктурасын дамыту комитетінің "Қазавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Еске сала кетейік, жақында ғана Көлік және коммуникация министрлігінің жетекшісі ауысқан болатын. Енді ол ведомстваны Жеңіс Қасымбек басқаратын болды. Ал бұрынғы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жаңадан құрылған Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети