05 наурыз 2018 10:24

Көлікке газ баллонын орнатуда нені ескеру қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ішкі істер министрлігінің мамандары күндізгі жүру шамдарын өздігінен орнату, газ баллон жабдығына ауыстыру турасындағы мәселеде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ішкі істер министрлігінің мамандары күндізгі жүру шамдарын өздігінен орнату, газ баллон жабдығына ауыстыру турасындағы мәселеде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күндізгі жүру шамдарын өздігінен орнатуға бола ма?", "Газды баллон жабдығына ауысуға арналған құжаттарды қалай дұрыс ресімдеуге болады?", "Автокөлік орындықтарын демонтаждауға бола ма?", - деген сұрақтарға жауап берді. "Көлік құралын қайта жабдықтаған жағдайда көлік құралын жалпы пайдаланымдағы жолдарда заңды түрде пайдалану үшін рұқсат алу рәсімі қандай және осындай құрылғысы бар авто сатып алған көлік иелеріне не істеу керек? Алдымен, қайта жабдықтау деген не екенін анықтап алайық. Қайта жабдықтау - жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал ететін, көлік құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөлшектер мен жабдықтау құралдарын алып тастау немесе көзделмегендерді орнату", - дейді министрлік өкілдері. 

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу, оның ішінде күндізгі жүру шамдары мен металл конструкцияларды орнату және басқа да қайта жабдықтау түрлері әкімшілік полицияның рұқсатымен және бақылауы бойынша жүзеге асырылатыны айтылады. 

Жүргізілген қайта жабдықтау туралы мәліметтер көлік құралын тіркеу туралы куәлікке (КҚТК) енгізіледі екен.

Мамандардың айтуынша, КҚТК-ге өзгерістер енгізу үшін оның иесі әкімшілік полицияға өтінішпен жүгінеді, онда қайта жабдықтау түрін көрсетеді. Жазбаша жауап алғаннан кейін көлік иесі материалдық базасы мен білікті мамандары бар, жүргізілген қайта жабдықтау туралы құжаттар бере отырып, көлік құралын қайта жабдықтауды жүргізетін ұйымға (кәсіпорынға) жүгінуі тиіс

Көлік құралын байқап тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік полиция қызметкері (техникалық инспекция) қайта жабдықтау жүргізілгеннен кейін көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік береді, оның негізінде көлік құралын тіркеу туралы куәлікте конструкцияның нақты өзгерістері (мысалы, газды баллон жабдығы, күндізгі жүру шамдары орнатылды және т.б.) көрсетіледі.

Айтпақшы, автокөлік орындықтарын демонтаждау да қайта жабдықтау болып саналады.

Әлдеқашан "жабдықталған", бірақ бұл туралы КҚТК-де тиісті жазба жасалмаған автомобильді сатып алған көлік иелеріне не істеу керек? Мұндай жағдайда ларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген рәсімдерден өту керек және көлік құралының конструкциясындағы барлық өзгерістерді КҚТК-ге енгізу қажет.

"Әрине, егер сіздер "бір кесек темір мен дәнекерлеудің" көмегімен өз автоңызды жақсартуға бел байласаңыздар, мұндай өнер туындысын заңдастыра алмайтындарыңыз анық!", - дейді министрліктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети