Көлікке газ орнына су құйған астаналық жанармай бекетінің басшылығы жағдайды түсіндірді

09 Тамыз 2017, 15:41
1
Көлікке газ орнына су құйған астаналық жанармай бекетінің басшылығы жағдайды түсіндірді -

Астанадағы Gas Energy жанармай бекеттері желісінің клиенттері көліктеріне жанармай орнына су құйылатынына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер осындай жағдайдың видеосын редакцияға жолдады. Видеодан газ құйылатын балоннан судың ағып жатқаны көрінеді. 

"Автогаз Трэйд" ЖШС-ның стратегиялық даму бойынша бас менеджері Шыңғыс Нұрзаханов 28 шілдеде көлікке техникалық жұмыстар өткізу барысында Вишневский көшесіндегі жанармай бекетінің моноблогына газ тасушы көліктен абайсызда су құйылып кеткенін айтты.

Бұл дерек анықталған кезде 4 адам компанияға шағымданғаны белгілі болды. Газ тасымалдаушы мен жанармай бекеті жұмысын тоқтатып, тазалау шаралары өткізілді. 

"Үш адамға шығын толықтай өтелді. Бір адам байланысқа шықпай отыр. Мұндай алғаш рет болып оыр. Алда мұндайдың қайталануына жол бермейміз және клиенттеріміздің барлық талап-тілектеріне сай болуға тырысамыз", - дейді Нұрзаханов. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай