Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Колледжде гранатаның мұрындығын студент тартып қалды - зардап шегуші

20 Қараша 2014, 17:05
0
Зардап шегуші. ©Әлішер Ахметов
Зардап шегуші. ©Әлішер Ахметов

Алматыдағы граната жарылысынан зардап шеккен қыздардың бірі оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, жарылғыш заттың мұрындығын Алматы сән және дизайн колледжінде оқитын жігіттердің бірі тартып қалған. 

Зардап шегушінің айтуынша, оқушыларға гранатаны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі берген. "Ол бізге оқу гранатасын қарап көруге берді. Өзі бірнәрсе жазып отырды. Бәрі қарап шықты, бір-біріне берді. Содан кейін бір бала алып, оның мұрындығын тартып қалды. Бірінші жай жарылыс болды, соңынан қатты жарылды. Мен жүгіріп шықтым, есімнен танып қалдым, мені ауруханаға алып кетті", - дейді колледж студенті Маржан Әділбекова. 

Қыз 20 қараша күні жансақтау бөлімінен шығарылды. Ол алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімін кінәламайды. "Ол оны оқу гранатасы деп ойлады. Ол бізге оны әдейі бермес еді", - дейді қыз.

Айта кетейік, бұған дейін граната оқиға салдарынан қайтыс болған Светлана Яковлеваның қолында жарылған болуы керек деген жорамал жасалған еді. Бірақ марқұмның туыстары гранатаның оның ту сыртынан жарылғанын айтты. Мұны дәрігерлер де растады - қыздың арқасына жарықшақ жарақаттары түскен. Сонымен бірге, граната жарылысы кезінде алғашқы әскери дайындық мұғалімі кабинетте болмаған деген де жорамалдар айтылды. 

 

Еске сала кетейік, граната жарылысы 17 қарашада Алматы сән және дизайн колледжінде сағат 08.40-та алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде болды. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз қайтыс болды. Кеудесі мен басына жарықшақ тиген 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам ауруханаға өз еркімен көрінген. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі екі айға тұтқындалды. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай