20 қараша 2014 10:52

Колледждегі жарылыс: Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mail.ru ©mail.ru

Алматы сән және дизайн колледжінде граната жарылуына байланысты алғашы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев 2 айға қамауға алынды, бұл ақпаратты Алматы қалалық соты кеңсесінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 17 қарашада сабақ үстінде граната жарылып, бір студент қайтыс болды, тағы 12 адам жапа шекті.

"Сот Қарабалаевті екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет. 

Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған еді. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Кеше, 19 қарашада туған-туыстары мен достары қайтыс болған Светлана Яковлеваны соңғы сапарға шығарып салды. Бұған дейін Алматы әкімдігінің граната жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына 1 миллион теңге бөлгені хабарланған болатын, Алматы сән және дизайн колледжі де жерлеу рәсімін толықтай ұйымдастырып беру жұмысын өз міндетіне алып, көмектесті. Қазіргі уақытта гранатаның жарылуынан кейін Алматы сән және дизайн колледжіне бөгде адамдар кіргізілмей жатыр, қақпа құлыптаулы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети