Колледждегі жарылыстан зардап шеккендерді құтқарған дәрігерлерге iPhone беріледі

10 Желтоқсан 2014, 18:25
0
©REUTERS
©REUTERS
Сән және дизайн колледжі. ©Владимир Прокопенко
Сән және дизайн колледжі. ©Владимир Прокопенко

Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы 10 iPhone смартфонын не үшін сатып алып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, лот сипаттамасында осы мақсатқа 1,8 миллион теңге бөлінгені жазылған.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісінің орынбасары Манас Рамазанов iPhone смартфондарының колледждегі жарылыстан зардап шеккен студенттерді құтқаруда көзге түскен дәрігерлерге сыйланатынын айтып берді. "10 дәрігердің тізімінде оқиға орнына бірінші барып, жарақат алғандарды іріктеумен айналысқан жедел жәрдем станциясының өкілдері, Шұғыл медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлері, №5 және №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бар. Біз олардың аты-жөндерін уақытынан бұрын жария етікіміз келген жоқ, себебі дәрігерлерімізге жағымды тосын сыйды Жаңа жыл қарсаңында жасағымыз келді. Марапатталатындардың ішінде әкімішілік жұмысшылары немесе басқарма қызметкерлері жоқ - мұның бәрі шұғыл медициналық жәрдем көрсетумен айналысатын қатардағы дәрігерлер", - деп хабарлады Рамазанов.

 

Оның айтуынша, дәрігерлер өз жұмысында суретке түсіру үшін WhatsApp, Skype, SMS, MMS қызметтерін, мәселен емдеу мен диагностикаға байланысты қолданады. Осы себептен iPhone сияқты алдыңғы қатардағы гаджеттерді сатып алуға шешім шықты. Рамазанов басқармада iPhone смартфоны үшін 1,8 миллион теңгенің 2014 жыл бойында мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде үнемдеу нәтижесінде шығып отырғанын айтып отыр. Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. Рамазановтың айтуынша, қазіргі уақытта Шұғыл медициналық жәрдем ауруханасында тек бір ғана студент қалды, ал қалғандары ауруханадан шықты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай