14 наурыз 2014 17:43

Көрермен "Көңілдестерге" оң бағасын берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театр ұжымы жыл сайын көрерменге жаңа туындыларды ұсынып келеді. Әртістер көпшілікке қазақтың қабырғалы қаламгері Ә.Тәжібаевтың "Көңілдестер" шығармасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спектакль өмірдің сан салалы бейнесіне құрылған. Онда адамдар арасындағы қатыгездік, сатқындық секілді жағымсыз қасиеттермен бірге адамгершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді көруге болады. Бұл шығарма Ә.Тәжібаевтың өмірге келгеніне 105 жыл толуына орай сахналанып отыр. Туындыны көрермен қауым жылы қабылдап, оң бағасын берді. Оны шымкенттік режиссер – Тұрғанбек Әшімов сахналады. Облыстық театр бұдан басқа да көптеген туындыларды елдің назарына ұсынбақ. Жақында жергілікті жұрт қазақ драматургиясының небір жауһар дүниелерін туғызған Қ. Мұхамеджанов, Т. Ахтанов және С. Жүнісов сынды қаламгерлердің шығармаларын сахналайды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Қызылордада ХХІІ театр фестивалі өткізіледі. Оны мәдениет министрлігі мен театр қайраткерлері одағы және облыс әкімдігі бірігіп өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль қазақ өнерінің жарқын тұлғасы, Сыр топырағының перзенті Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети