12 ақпан 2019 10:50

Қорғаныс министрі Қара майормен соңғы кездесуі туралы айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mod.gov.kz © mod.gov.kz

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ауған соғысының ардагері полковник Борис Керімбаевпен соңғы кездесуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ауған соғысының ардагері полковник Борис Керімбаевпен соңғы кездесуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен оған жұма күні бардым. Борис Керімбаев - жауынгерлік тәжірибесі мол, ауған компаниясына зор үлес қосқан, елдің жоғары басшысының бұйрығын орындаған адам. Оны Мәскеуге жеке шақыртып, тапсырма берген және ол оны тамаша орындап шыққан. Қазақстан халқы Борис Керімбаевті мақтан тұтады. Мұндай адамдар көп емес. Ол ұзақ ауырды. Ерік жігерінің арқасында көпке шыдады. Дәрігерлер оның орнында басқа адам болса ұзаққа шыдамасын айтты", - деді Ермекбаев.

"Қара майор" 12 ақпанда таңертең сағат 8:50-де өмірден өтті. Еске салайық, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кеше ғана Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барған еді. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети