04 қараша 2014 18:18

Қорғаныс министрлігі 70 мың долларға қызметтік көліктер сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанның қорғаныс министрлігі құны 12,84 млн теңге тұратын қызметтік көліктер сатып алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  мемлекеттік сатып алулар порталына сілтеме жасай отырып. Мұндай хабарлама аталмыш порталда 28 қазан күні жарияланған.


Қазақстанның қорғаныс министрлігі құны 12,84 млн теңге тұратын қызметтік көліктер сатып алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  мемлекеттік сатып алулар порталына сілтеме жасай отырып. Мұндай хабарлама аталмыш порталда 28 қазан күні жарияланған.

Көліктердің жеткізілу мерзімі желтоқсан айы деп көрсетілген. Жоспарға сай құны 12,84 млн теңге тұратын төрт көлік алынуы керек. Көліктер F класста болуы тиіс. Мұндай көліктерді сатып алуға 51,36 млн теңге бөлінген.

Өз кезегінде Жамбыл облысына қарасты меншік иелері де 8,5 млн теңгенің көлеміндегі қаржыны игеруді ойластырып отыр. "Жамбыл-Жылу" кәсіпорыны қазірде жол талғамайтын көліктерге қатысты тендер жариялады. Онда көрсетілгендей көліктер 2006 жылы шығарылған және күміс түсті болуы керек. Сатылып алынатын көліктердегі қозғалтқыштың көлемі 4,7 литр, қуаты 275 аттың күшіне тең және жүрген қашықтығы 100 мың шақырымнан аспауы керек.

Қызметтік көліктердің фаралары заманауи үлгіде және өздігімен тазаланатын жабдықтармен қамтылған, көлікте CD, DVD, MP3 және USB жүйесі жеңіл қосылып, жеңіл жұмыс істейтін болуы тиіс.

Негізінен, шенеуніктердің көбісіне тендер арқылы қызметтік көліктер алу мүмкін болмай отыр. Мысалы, таяуда ғана "Арал" су шаруашылығы мемлекеттік мекемесі 8,2 млн теңгенің жол талғамайтын көліктерін тендер арқылы сатып алудан бас тартты. Бұған суға деген тарифтердің төмендеуі себеп болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети