Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды 

14 Тамыз, 14:00
0
Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды  - © Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алғаш рет жүргізілген қызметтік талдау нәтижелерімен Қорғаныс министрлігі және Бас штаб орталық аппаратының құрылымын жетілдіру аясында бірнеше жаңа бөлімше құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солардың бірі - Стратегиялық талдау және дамыту департаменті. 

Департаментке Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, оның ішінде Қарулы Күштердің құрылысы мен оны дамытуда, еліміздің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде тұжырымдамалық тәсілді үйлестіру тапсырылды.

Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру барысында Департаментке қаржы және материалдық ресурстарды, сонымен қоса ерекше назар аударуды талап ететін жетекші қызмет бағыттарын талдау және анықтауды бақылау жүктелді.

Қауіпсіздікке қатысты болжанған тәуекелдер мен қауіп-қатерді ескере отырып, күш Қазақстан қорғаныс әлеуетінің, Қарулы Күштердің құрылысының сандық және сапалы өсуіне ықпал ететін оңтайлы шешімдерді іздеуге бағытталатын болады.

Жаңа департаментті Саидмұрат Тәңірберген басқарады. Оның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешені шеңберінде стратегиялық жоспарлау ауқымында тәжіриесі бар.

1999 жылдан 2002 жыл аралығында Саидмұрат Бапанұлы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында сектор меңгерушісі, ішкі және әскери қауіпсіздік бөлімінде, сондай-ақ Хатшылық меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2015 жылдан 2019 жыл аралығында Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Мемлекеттік марапаттары бар: атап айтқанда, "Парасат", "Құрмет" ордендері, "Ерең еңбегі үшін" медалі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай