Қорғаныс Министрлігінде ҚР әскери атташелерінің жұмысы талқыланды

15 Қараша, 19:30
0
Қорғаныс Министрлігінде ҚР әскери атташелерінің жұмысы талқыланды -

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің шетел мемлекеттерінде аккредиттелген әскери атташелерімен кеңес өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңес барысында 2019 жылғы атқарылған қызметтер қорытындыланып, келер жылға міндеттер қойылды.

Осы орайда әскери атташелерге Қарулы Күштердің дамуына, сонымен қатар қару-жарақ пен әскери техникалардың жетілуіне және жаңаруына қолдау көрсету қажеттілігі жөніндегі талап жеткізілді.

Қорғаныс ведомствасының басшысы шетелдегі Қорғаныс министрлігі әскери атташелері аппараттарының қызметіне қатысты тапсырма берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әскери атташелері 25 елде ҚР ҚК мүддесін көздеуде. Атап айтқанда, Орта Азия, Таяу Шығыс, АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай