20 мамыр 2016 16:08

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы маңында БТР-лардың неге жүргенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы маңында БТР-лардың неге жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы маңында БТР-лардың неге жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрлі мессенджерлерде БТР-лардың Қапшағай тасжолында кетіп бара жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Кейбір қолданушылар Алматыға қосымша техниканың кіріп жатқанын айтты. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаева бұл техникалардың жоспарлы оқу-жаттығудан қайтып келе жатқанын айтты.

"Бұл видео 18 мамырда, сәрсенбі күні түсірілген. Тоғыз данасы жоспарлы жауынгерлік дайындықтан келе жатқан. Техниканың бір бөлігі Қапшағайға қайтып келе жатқан, қалғандары Алматыға. Олар жаттығудан қайтып бара жатқан, бізде жоспарлы оқу шаралары жүріп жатыр. Олар Ақтауда 2015 жылы болған жағдайдың қайталанбауы үшін (Авт.: 2015 жылдың қыркүйегінде Ақтауда жаттығу кезінде төрт БТР-80 суға кеткен еді) БТР жеке құрамының жоспарын орындайды, олар БТР-мен жүзіп үйреніп жатыр. БТР-лерге арналған бассейн Заречныйда. Бұл бітімгерлік бригадасы. Олар жоспарлы оқу-жаттығулардан қайтып келе жатқан", - деп түсіндірді Колбачаева.

Сонымен қатар, Колбачаева Алматыға қосымша әскери техника кіргізіліп жатыр делінген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети