Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

31 Қазан 2016, 16:52
0
Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды -

ҚР Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Өкімде.

Ал осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын қызметінен босатқан еді.

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов 1968 жылы ШҚО-ның Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Вольск жоғары әскери училищесін тәмамдаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай